Сене алмас ерте қыс келеріне,
Жолатпай жүрген көзге - жас.
Балақаймын мен, кішкенемін мен,
Балалық әлі көзқарас.
Сөйлеймін мөлдір шықтың тілінде,
Бола да алам өршіл, ер.
Мөлдірлік іздейм түптің түбінде,
"Жақсы қызсың!"-дейд көршілер.
Шүкірлікпенен көзімді ілемін,
Бар менен жоққа - қанағат.
Кім жақсы, жаман... сезіп жүремін,
Тірі жүргенім - ғаламат.
Алдана қойман алуан сағымға,
Аузым да күйген жиі шын.
Өшіру күнә жанған шамымды,
Сәбидің исі - иісім.
Дидарымды көр, кәусар шашқандай,
"Мәни" ботқасы - түскі асым.
Жаралған шығарм гауһартастан ба-ай,
Сүп-сүйкімдімін, қысқасы.
Сүріндіргенмен өмір қанша рет,
Түйіп қарасын қабағын.
Бөлмейм ондайға көңілді онша көп,
Өйткені, әлі баламын.
Естен тандырар пәк қылықтарым,
Балалық қалпым өлмейді.
Жиям әлемнің жақсылықтарын,
Есейгім менің келмейді!
@. Ботакөз Бексары