Жүрегім кінəлəйді...
"Осы ма еді, сезімнің тылсым демі,
Керек емес һешкімің құрсын енді.
Пенделерге сыйлама өтінемін,
Жалғыздықта жабырқап тұрсын енді!"
Жүрегім кінəлəйсің дəл осылай,
Қоя тұршы, шыдашы сəл жасымай.
Сабыр етші, аяшы қос жанарды,
Іркіліп тұр ондада сел тасымай.
Сезбейсіңбе жүрегім күш керегін?
Сүй деп оны өзіңді күштемедім...
Екі қарсы ағыстың азабынан,
Кінəлідей тіл жұтып тістенемін.
Кінəлəйсің кеудемнен шығардайын,
Оны өзіңе көргенмін сыңардайын.
Тілім-тілім жарамсыз бұл жүректің,
Тырсылын тоқтатсаңда сынамайын.
Десең енді осылай жарылайын,
Несіне кідірші деп жалынайын.
Жетер енді,менде бір тыным алып,
Қайғыдан мəңгілікке арылайын!
Гүлдана Сермахан