Өмір осы … Бірде - шаттық . Бірде - мұң . Көз ашқалы күндегің сол , түндегің . Сезімсізге соқыр тиын тұрмайды Сенің жиып , теріп , көрген , білгенің . Біреуге - мал , Біреулерге - жан қайғы . Сыйлы болсаң сәлемінен танбайды . Құман алып су құйғандар күні ертең Қабыпыңның басына еріп бармайды . Қонақ қылып шақырасың барды асып . Ен саласың , төрт түлікті таңдатып . Атты болсаң амандасып алыстан жаяу жүрсең өте шығар шаңдатып . Безінгендер бұл өмірдің салтынан Именбейді әйел , жасы , қартыңнан. Мұң тұнғанда маңайыңа жоламай , Бір туған боп шыға келер артынан . Өмір осы … Сүрінесің , құлайсың . Сәл нәрсеге шаттанасың , жылайсың… Бәрін күтіп , бәрін күтіп Ертеңнен Дәмің бітіп , үзілгенше шыдайсың . Өмір осы ! Өмір осы , жақыным ! Біраз сырды бүкпей айтты ақының , Аз ғұмырда азулыға алдырмай Ақырын жүр ! Ақырын жүр !! Ақырын !!! Мұнар

Теги:

Теги других блогов: